Арыстанбек Әбілхайырұлы денсаулығына байланысты қызметінен өз еркімен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол нақты себебін ашып айтқан жоқ. Тек бір ай бұрын денсаулығына байланысты екі апталық демалыс алғанын атап өтті.
Бұл қызметте ол 1 жыл 2 ай жұмыс істеді.
2005-2006 жылдар аралығында «MAG group» құрылыс компаниясында еңбек жолын бастаған;
2006-2009 жылдар аралығында Үкіметтік тәжірибелік шаруашылығында директор көмекшісі қызметін атқарған;
2009-2023 жылдар аралығында Талғар қаласындағы «Марат» өндірістік кооперативінде даму менеджері болып, осы кәсіпорынның орынбасары лауазымына дейін көтерілген;
2023 жылдан бастап «Талғар тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қызметін атқарған.
2024 жылдың 18 желтоқсанынан бастап бүгінге дейін Талғар қаласының әкімі болды.