freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Талғардағы 24 жастағы жігіттің өлімі: үш күдікті ұсталды

Құқық
Талғардағы 24 жастағы жігіттің өлімі: үш күдікті ұсталды
pixabay.com

Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылында ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 11 мамырда Нұра ауылының 24 жастағы тұрғыны ауруханада көз жұмған. Оған белгісіз адамдар пышақ сұққан.

- Оқиға туралы хабарлама түскен бойда полицияның барлық сыртқы жасағына бағыт-бағдар беріліп, блокпостар қойылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның үш ауылдасы ұсталды, - деп хабарлады департаменттен.

Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптары негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

- Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп нақтылады өңір полициясы.

Еске салайық, 2024 жылы Талғарда ұқсас жағдайда 16 жастағы Шерзат Полат мерт болды. Жасөпірімнің өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырды.



 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу