Қазгидромет 2026 жылдың тамыз айында еліміздің қай өңірлерінде құрғақшылық болатынын болжады.
Табиғи апат Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда және Жәнібек, Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз, Атырау облысының Құрманғазы аудандарында болуы ықтимал.
Сондай-ақ Жетісу облысының Алакөл және Ақсу, Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Жамбыл және Байзақ, Түркістан облысының Арыс, Созақ, Ордабасы, Шардара, Түлкібас, Бәйдібек аудандарында құрғақшылық болуы ықтимал.
Бұдан бөлек, Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласында да атмосфералық құрғақшылық күтіледі.
Ал Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев және Есіл аудандарында, сондай-ақ Қостанай облысының Ұзынкөл және Қамысты аудандарында ылғалдылық деңгейі орташа болады деп болжануда.
Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы климаттық нормаға жақын болады деп күтіледі.