Қазгидромет 2026 жылдың тамыз айына арналған атмосфералық құрғақшылық болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, тамыз айында еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің бірқатар ауданында құрғақшылық күтіледі.
Атап айтқанда, атмосфералық құрғақшылық:
Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы және Жәнібек аудандарында;
Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарында;
Атырау облысының Құрманғазы ауданында;
Алматы облысының Балқаш ауданында;
Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас және Жамбыл аудандарында;
Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара, Жетісай, Бәйдібек және Келес аудандарында;
Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында болжанып отыр.
Ал Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында және Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында бірқалыпты ылғалды жағдай қалыптасады деп күтіледі.