freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тамыздағы ҰБТ-ның қорытындысы: ең жоғары нәтиже – 136 балл

Білім-ғылым
Тамыздағы ҰБТ-ның қорытындысы: ең жоғары нәтиже – 136 балл
Фото: gov.kz

Қазақстанда тамыз айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) алдын ала қорытындысы жарияланды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тестілеуге 27 мыңнан астам талапкер қатысқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Олардың 53 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа нәтиже 55 балды құрады. Ал тамыздағы ҰБТ-да ең жоғары көрсеткіш 136 балл болды.

Тестілеуге ерекше білім беру қажеттіліктері бар 98 талапкер де қатысты. Олар үшін қажетті жағдайлар жасалды.

Емтихан барысында тәртіп бұзудың 66 дерегі анықталды. Смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасаған 30 талапкер тестілеуге жіберілмеді. Ал тестілеу кезінде ережені бұзған 36 адам аудиториядан шығарылды. Қасақана басқа адамның орнына тест тапсыру фактісі тіркелмеген.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бақылау жұмыстары әлі де жалғасады. 2026 жылғы 31 қазанға дейін мамандар тестілеу барысында түсірілген бейнежазбалардың барлығын егжей-тегжейлі тексереді. Егер бейнематериалдардан тыйым салынған гаджеттерді немесе шпаргалкаларды жасырын пайдаланғаны анықталса, талапкерлердің нәтижелері шағымдану құқығынсыз жойылады.

Сонымен қатар колледж түлектері үшін де арнайы мүмкіндік қарастырылған. Өз мамандығы бойынша ақылы негізде жоғары білім алуды жоспарлаған түлектер ЖОО-ға әңгімелесу нәтижесі бойынша түсе алады. Бұл жағдайда қабылдауды университеттердің қабылдау комиссиялары жүргізеді.

Айта кетейік, 7 тамызда Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімін жариялады. Биыл елдегі жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне 75 мыңнан астам талапкер ие болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу