freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Танымал полицей Данияр Мейірхан өзіне тағылған айыптарға жауап берді

Құқық
Танымал полицей Данияр Мейірхан өзіне тағылған айыптарға жауап берді
Фото: instagram.com/meirkhan_daniyar

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан кезекті даудан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады. Бұл жолы дау оған қатысты қудалау туралы айыптаулармен байланысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Данияр Мейірхан Instagram желісіндегі ресми парақшасында әлеуметтік желілерде өзіне қатысты бұрмаланған ақпарат қайта тарап жатқанын айтты.

«Өзім түсініктеме бергенді дұрыс деп санаймын. Маған қатысты қылмыстық іс заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылды», - деді ол.

Оның айтуынша, 36 жастағы әйел айыптауларын жалғастырып, енді сотқа жүгінген.

«Бұл – оның құқығы. Мен азамат және офицер ретінде бұған сабырмен қараймын. Алайда ашық айтқым келеді: менің атымның айналасында қолдан ақпараттық резонанс тудырып жатыр», – деді Мейірхан.

Полицей кейбір адамдар әлеуметтік желі мен қоғамдық қысымды пайдаланып, сотқа және қоғамдық пікірге ықпал етуге тырысып отыр деп есептейді.

«Осылайша олар мені және менің жұмысымды дискредиттеуге тырысып жатыр», – деп мәлімдеді ол.

Мейірхан өз ұстанымы өзгермейтінін, әр сөзі, шешімі және жұмысының нәтижесі үшін ашық жауап беруге дайын екенін айтты.

«Қажет болса, бұл әйелдің хабарламаларының скриндерін ұсынуға дайынмын. Олар кімнің кімге көбірек назар аударғаны туралы сұраққа күмән тудырады», – деді ол.

Ол қызмет жылдарында мемлекет, заң және азаматтардың қауіпсіздігі үшін жұмыс істегенін атап өтті.

«Менің есірткі қылмысына қарсы күрестегі нәтижелерім мен принципті ұстанымым мыңдаған адамға және елдегі әріптестеріме белгілі», – деді Данияр Мейірхан.

Сондай-ақ ол жұртты эмоцияға, қауесетке және манипуляцияға ермеуге шақырды.

«Шындық айқайға мұқтаж емес – ол фактілермен және заңмен дәлелденеді», – деді полицей.

Сот кабинетінің дерегінше, әйел Данияр Мейірханның үстінен Астанада сотқа арыз түсірген. Істі қарау 2026 жылғы 8 мамырға белгіленген.

Бұған дейін желіде Комитет төрағасына қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және қызметкерге қудалау көрсету туралы шағымдардан кейін екі бап бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Автордың айтуынша, оған қарсы 20 адам арыз түсірген.

ІІМ тексеріс басталғанын хабарлап, сол кезеңде Данияр Мейірханды қызметінен уақытша шеттеткен болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу