Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тарихи жетістік: 17 жастағы қазақстандық теннисші беделді турнирдің ширек финалына шықты

Спорт
Тарихи жетістік: 17 жастағы қазақстандық теннисші беделді турнирдің ширек финалына шықты
Фото: instagram.com/ktf.kz

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Австралияның Траралгон қаласында өткен беделді ITF J300 жасөспірімдер турнирінің ширек финалына шығып, тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

17 жастағы қазақстандық спортшы үшінші айналымда америкалық Гэвин Гудты екі сетте жеңді. Қарсыласы ITF Juniors рейтингінде 21-ракетка екенін де айта кетейік.

Кездесу 7:6 (7:5), 6:1 есебімен аяқталды.

Осылайша, Заңғар Нұрланұлы Траралгонда өтетін J300 санатындағы турнирдің жекелей сында ширек финалына жеткен Қазақстан тарихындағы алғашқы жасөспірім теннисші атанды.

Жартылай финал жолдамасы үшін Заңғар әлемдік жасөспірімдер турының көшбасшыларының бірі — ITF Juniors рейтингінде бесінші орында тұрған бразилиялық Луиш Гуту Мигелмен кездеседі. Матч 19 қаңтарға жоспарланған.

Бұған дейін Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингте айтарлықтай жоғарылап, ITF жасөспірімдер рейтингінде 12-орынға көтерілген еді.

Ал алдағы ірі жарыс — жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінде Заңғар 10-нөмірмен тіркеліп, бірден негізгі тордан өнер көрсетеді. Жарыс Сидней қаласында 24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу