Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тойға бара жатқан бір отбасының 12 адамы өзенге батып кетті

Әлем
Тойға бара жатқан бір отбасының 12 адамы өзенге батып кетті

Үндістанда нөсер жауын салдарынан 31 адам қаза болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Үндістанның солтүстік төрт штатында - Раджастхан, Химачал-Прадеш, Уттар-Прадеш және Пенджаб штаттарында қатты жауын-шашын болды. Толассыз жауын 31 адамның өмірін қиды.

Атап айтқанда, Пенджаб штатында 12 адамнан тұратын отбасы тойға бара жатқанда өзенге батып кеткен. Тоғыз жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.

Кейінгі аптадағы толассыз жауған жаңбыр Үндістанның әртүрлі аймағында ғимараттардың, жолдар мен көпірлердің қирауына, сонымен қатар жаппай су тасқынына, көшкінге әкеп соқты.

Айта кетейік, Үндістандағы көшкін құрбандарының саны 358 адамға жетті.

Фото: iStock

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу