Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Саясат
Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдады

Кедесуде әкім облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады.

Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасына сәйкес облыста Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспары іске асырылып жатқанын айтты. Шекара маңындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға да ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді. Ал жылу электр орталығы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу барысыда сөз болды.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 5700 оқушыға арналған 11 мектеп салу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу