freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев аграрлық сала ғалымдарын марапаттап, баспана кілтін табыстады

Білім-ғылым
Тоқаев аграрлық сала ғалымдарын марапаттап, баспана кілтін табыстады
Ақорда

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ғылым күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Жиында Президент ғылымның ел дамуындағы айрықша рөлін атап өтіп, осы салада елеулі еңбек етіп жүрген ғалымдарды марапаттады.

Атап айтқанда, ғылымдағы жетістіктері үшін «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ зертханасының жетекшісі Сәрсенбек Монтаев «Парасат» орденімен наградталды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің үш жас ғалымына пәтер кілттерін табыстады.

Олар – университеттің Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, «Өсімдік шаруашылығы» бағыты бойынша қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, PhD Рахия Елназарқызы, «Азық-түлік өнімдерін өндіру» бағыты бойынша қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, PhD Эльмира Базылханова, сондай-ақ «Электрмен жабдықтау» бағыты бойынша аға оқытушы, PhD Артур Ногай.

Рахия Елназарқызының айтуынша, көрсетілген құрмет ғылыми қауымдастық еңбегіне берілген жоғары баға мен ерекше ілтипаттың көрінісі.

– Ғылым – дамушы мемлекеттің берік іргетасы, ал ғалымдар елдің басты стратегиялық ресурсы болып қала береді, – деді ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу