18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Malim.kz Ақорда сайтына сілтеп.
Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесі талқыланады. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады.
Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Айта кетейік, өткен жылдың соңында Трамп Тоқаев пен Қазақстанды Бейбітшілік кеңесіне шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойғаны хабарланған болатын.