freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев: ЕАЭО тауар айналымы 100 млрд долларға жетуі мүмкін

Саясат
Тоқаев: ЕАЭО тауар айналымы 100 млрд долларға жетуі мүмкін
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ отырысында алдағы жылдары ЕАЭО елдері басымдық беруі тиіс негізгі бағыттарды атады, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент сауда, логистика, цифрландыру, жасанды интеллект, робототехника және жоғары технологияларды дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды.

Мемлекет басшысының айтуынша, ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 95 миллиард доллардан асты. Ал биыл бұл көрсеткіш 100 миллиард доллар межесінен өтуі мүмкін.

Тоқаев жасанды интеллект тақырыбына да ерекше назар аударды. Оның сөзінше, одаққа мүше мемлекеттер жасанды интеллектіні жауапты дамыту жөніндегі бірлескен мәлімдеме қабылдаған.

Президент әлемдегі жасанды интеллект саласына салынған инвестиция көлемі 1 триллион доллардан асқанын айтты.

Сонымен қатар болашақта ЖИ технологияларының жаһандық экономикаға қосатын үлесі 7 триллион доллардан асуы мүмкін екенін атап өтті.

«Озық технологиялар еуразиялық интеграцияның қуатты катализаторына айналып келеді және айнала береді», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ Қазақстан ЕАЭО-ның бірыңғай цифрлық кеңістігін құруды жеделдетуді ұсынды. Бұл бастама логистика, кеден саласы және мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды қамтиды.

Мемлекет басшысы цифрландыруды технологиялық трендке еру емес, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі фактор деп атады.

Президент Қазақстанда стартап-экожүйе белсенді дамып жатқанын да айтты. Елдің IT-қызметтер экспорты 1 миллиард доллардан асып, Астанада Alem.ai жасанды интеллект орталығы іске қосылған.

Тоқаев агросектордағы жетістіктерге де тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстанда 650-ден астам «ақылды» ферма жұмыс істейді.

Сонымен қатар еліміз қатарынан екінші жыл рекордтық өнім жинап отыр.

Президент болашағы зор салалардың қатарында биотехнология, робототехника, ғарыш экономикасы, энергия сақтау жүйелері мен кванттық есептеулерді атады.

«Жаңа технологиялық сын-қатерлерге бейімделу жылдамдығы экономикаларымыздың ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен болашақ әлемдік тәртіптегі орнын айқындайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу