Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев: LRT - басынан-ақ қате жоба еді

Қоғам
Тоқаев: LRT - басынан-ақ қате жоба еді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында LRT жобасын қайта сынға алып, оның басынан-ақ қате жоба болғанын айтты.

"LRT құрылысы инфрақұрылымдық жобадан елдің беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. Қыруар ақша жұмсалды, қарыз алынды, шетелдік серіктестерге ауқымды келісімшарт кепілдіктері берілді. Бұл басынан-ақ қате жоба болғанын бәріміз білеміз. Жобадан жемқорлықтың иісі аңқып тұр. Енді дұрыс шешім қабылдау керек, оны бұза салу ақша мен уақыттың зая кеткенін білдіреді", - деді Тоқаев. 

Президент жоба құрылысын әрі қарай жүргізу үшін отандық сәулетшілер мен урбанистерді шақыруды тапсырды. 

Астана LRT құрылысы 2016 жылы басталған. Бастапқы жоспар бойынша, құрылыс жұмыстары 2019 жылы 31 желтоқсанда аяқталып, 2020 жылы жазда пайдалануға берілуі тиіс еді. 

Оқи отырыңыз: Алматы трагедиясы. Билікті кім басып алмақ болды?

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу