Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысатын болды

Саясат
Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысатын болды

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Мәскеудегі Жеңіс парадына бәрі бір қатысатын болды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік УӘЛИ хабарлады.

Оның айтуынша, «Мәскеу сапарының алдында жоспарлы түрде коронавирусқа тест тапсырған» президент қазір Мәскеуде.

«24 маусым күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады», - деп жазды ол Facebook-та.

Ерекше айта кеткерлігі, Путиннің "Совет одағын құрғанда одаққа кірген елдер Ресейдің көп жерін алып, кейін шыққанда орыс халқынан сыйлық ретінде ала кетті" деген сөзінен кейін қазақстандықтар наразылық танытып, президентті Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатыспауға шақырған. Путин бұл сөзді айтпай тұрып-ақ Жеңістің 75 жылдығына орай өтетін парадқа көп мемлекет басшыларының бармайтыны белгілі болған.

Биыл бұл шараға посткеңестік елдерден Украина, Армения, Әзірбайжан, Чехия, Хорватия, Түркіменстан сияқты елдердің басшылары түрлі себеп айтып, парадқа қатыспайтындарын хабарлады.

Қызыл алаңнан қазақстандық әскерилер де жүріп өтпек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу