Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Омбы губернаторына алғыс айтты

Саясат
Тоқаев Омбы губернаторына алғыс айтты

Кездесу барысында сауда, машина жасау, көлік және ауыл шаруашылығы салалары бойынша біздің облыстары мен Омбы арасындағы қарым-қатынасты нығайту талқыланды.

«Біз өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға баса мән береміз. Бұл бағытта Омбы аймағы ерекше орын алады. Омбы облысы мен Қазақстан Республикасы арасындағы тауар айналымы 380 миллион доллардан асты. Қазақстан – Омбы облысының нөмірі бірінші серіктесі. Біздің отандастарымыз, қазақтар тұратын бұл шекаралас аймақтың маңызы зор», – деді Тоқаев.

Ол Омбыда тұрып жатқан этникалық қазақтар екі ел арасындағы алтын көпір екендігін айтып, олардың тарихы отанымен байланысына ерекше көңіл бөлгені үшін Омбы губернаторына алғыс айтты.

Президент Омбы өңірінде қазақ халқының перзенттері Шоқан Уәлиханов пен Сәкен Сейфуллинді ұлықтағаны үшін облыс әкімшілігі мен тұрғындарына қазақстандықтардың ризашылығы шексіз екенін жеткізді. Губернатор агроөнеркәсіп кешені, азық-түлік өнімдерін өндіру, мұнай химия және құрылыс секторы сияқты салалар бойынша қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық орнатуды қалайтынын айтты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу