Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты.
Қазақстан Президенті қастандық әрекетті қатаң айыптады.
Сонымен қатар құрбан болған азаматтар мен жарақат алған адамдардың туған-туыстарын сабырға шақырып, Пәкістан халқының қайғысына ортақ екенін жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін Пәкістанда мешітте жарылыс болып, 30-дан астам адам қаза тапқаны хабарланды.