Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев: қазақстандық банк арқылы көршілес мемлекеттен 14 миллиард доллар өткізілген

Экономика
Тоқаев: қазақстандық банк арқылы көршілес мемлекеттен 14 миллиард доллар өткізілген
ФОТО: ©Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиын барысында қазақстандық банктердің бірі «көршілес елден» басқа мемлекеттерге 7 триллион теңгеден астам (шамамен 14 миллиард доллар) қаражатты «өткізуге» көмектескенін мәлімдеді.

Қаражаттың нақты қай елден келгені нақтыланбады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан криптовалюта арқылы капиталды сыртқа шығару бойынша көшбасшы елдердің бірі екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті салалық ведомстволар мен Ұлттық банкке коммерциялық банктердің заңсыз немесе күмәнді операцияларына бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Заң, экономика, тіпті саясат тұрғысынан алғанда да, бұл — өрескел факт. Өкінішке қарай, қаржылық алаяқтық схемаларына қатысты мұндай жағдайлар әлі де аз емес», —

деп атап өтті Президент.

Бұдан бөлек, Қазақстан криптооперациялар арқылы капиталды елден заңсыз шығару бойынша алдыңғы қатарда тұрғаны айтылды. Қазіргі уақытта республика көлемінде айналымы 62 миллиард теңгеден (шамамен 124 миллион доллар) асатын 130-дан астам заңсыз криптоайырбастау орны жойылған екен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу