Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына барды, деп хабарлайды Malim.kz.
Президентті «Пулково» халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қарсы алды.
Айта кетейік, Тоқаев 21-22 желтоқсанда Санкт-Петербургте сапармен болады. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық жоғарғы кеңестің отырысына және ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.
Еуразиялық экономикалық жоғарғы кеңес – Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ең жоғары органы. Ол ЕАЭО шеңберіндегі интеграцияның стратегиясын, бағыттары мен даму перспективаларын айқындайды, сондай-ақ Одақтың барлық елдері үшін міндетті негізгі шешімдер қабылдайды (мысалы, бюджет, жаңа мүшелер немесе бақылаушылар туралы).