Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Саясат
Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Мемлекет басшысы Үкіметке имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі бұл туралы Мемлекет басшысы СҚО-ға жұмыс сапарында халықпен кездесуінде айтқанын жазды.

Мемлекет басшысы мұндай тапсырманы еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып және бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында жасағанын айтқан.

Мен бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ірі халықаралық форумды өткізуден бас тарттым. Сонымен қатар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығынды қысқартамыз. Әрине, қазір бұл шарадан түпкілікті бас тарту мүмкін емес. Бірақ оған жұмсалатын қаржы көлемі айтарлықтай азаяды. Бұдан бөлек, еліміздің Токиода өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысуына бөлінген бюджет те қысқарады, - деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік органға су тасқыны салдарынан сабақ алуы керек екенін айтты.

Бізде мұндай апаттарды алдын ала ескерту жүйесі жетіспейді. Қажетті мамандар да тапшы. Қазір гидротехник кадрларды даярлау туралы шұғыл шешім қабылданды, - деді Мемлекет басшысы. 

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу