freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев: Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы

Саясат
Тоқаев: Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы
Фото: gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты жиын қатысушыларына құттықтау жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың қазақ руханиятындағы орны айрықша екенін атап өтті.

«Әйгілі жыршы шоқтығы биік шығармалары арқылы отаншылдық пен ынтымақ, ерлік пен елдік, адалдық пен әділдік секілді мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптеді. Халқымыздың біртуар перзенті айтыс өнерінің өрісін кеңейтуге, эпикалық дәстүрді жаңғыртуға, қазақ-қырғыз әдеби байланысын нығайтуға өлшеусіз үлес қосты.», – делінген құттықтауда.

Президент ақын мұрасы әлі талай ұрпаққа рухани азық болатынын айтып, мерейтой аясындағы іс-шаралардың мазмұнды өтуіне тілектестік білдірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу