freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаевқа азаматтық қорғаныс жүйесін жаңғырту барысы баяндалды

Оқиға
Тоқаевқа азаматтық қорғаныс жүйесін жаңғырту барысы баяндалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады. Министр Президентке ведомство жұмысының нәтижесі, азаматтық қорғаныс жүйесін жаңғырту барысы және алдағы кезеңге арналған жоспар жөнінде баяндады.

Шыңғыс Әрінов Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрлігінің материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын таныстырды. 

Соңғы екі жылда бөлімшелер 1,4 мыңнан астам техника, авиация, заманауи құтқару жабдықтары, ұшқышсыз ұшу аппараттары және байланыс құралдарымен толықтырылды. Бұл еліміздің барлық өңірінің төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін айтарлықтай арттырды. 

Сонымен қатар министрлікке қарасты бөлімшелерді жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Бөлімшелер желісін дамыту мәселесіне тоқталып, жаңа әмбебап құтқару құрылымдары, авиация және теңіз жасақтары құрылғаны жөнінде айтты.

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 237 ерікті өрт сөндіру бекеті салынған. Олар шамамен 700 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Халықты жаппай шұғыл хабардар ету жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып, Ахуалдық орталықтың мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Сондай-ақ табиғи өртті ерте анықтау жүйелері біріктірілуде.

Ведомство қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы мәлімет берді. 

Құтқарушыларға тұрғын үй төлемдері қарастырылған. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері үшін арнайы тұрғын үй кластерін құру жобасы қолға алынды. Аталған бастама өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару базаларының жанында қажетті инфрақұрылымы бар тұрғын үй кешендерін салуды көздейді.

 Президент министрліктің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша атқарып жатқан жұмысын оң бағалады. Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, аудандық және ауылдық құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту іс-шараларын жалғастыру, заманауи технологиялар енгізу және өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу