Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Төрт елдің басшысы Киевке барды

Әлем
Төрт елдің басшысы Киевке барды

Киевте Украинаға әскери көмекті жалғастыруға ниет еткен елдердің басшыларының келіссөзі өтеді.  Бұл туралы Azattyq-қа сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  


Украина ақпарат құралдары 10 мамырда таңертең Киевке Франция президенті  Эмануэль Макрон, Ұлыбритания премьері Кир Стармер, Германия канцлері Фридрих Мерц және Польша премьері Дональд Тусктің пойызбен жеткенін хабарлады. 

Украина сыртқы істер министрі  Андрей Сибиганың сөзінше, “Украинаны қолдауға бағытталған маңызды шешімдер” қабылданады. Өзге жайттармен қатар атысты тоқтату шарттары мәселесі де талқыланады.  

Ресей 8-10 мамыр аралығында Жеңіс күніне орай атысты үш күнге тоқтатынын мәлімдеген. Алайда Украинаның мәлімдеуінше, Ресей әскері атысты тоқтату режимін бірнеше рет бұзған.

Фото: x.com / @EmmanuelMacron

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу