Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тракторшы пойызбен соқтығысып, оқиға орнында тіл тартпай кетті

Оқиға
Тракторшы пойызбен соқтығысып, оқиға орнында тіл тартпай кетті

Қостанай облысында пойыз тракторды қағып өтті, деп хабарлайды  Malim.kz.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі Есіл – Арқалық учаскесіндегі теміржол өткелінде пойыз бен трактор соқтығысып, тракторшы қаза тапқанын мәлім етті.

Тұрақты жұмыс істеп тұрған өткелдегі белгі беруге қарамастан, трактор жүргізушісі жүріп келе жатқан пойыз алдына шығып кетіп, жол ережесін өрескел бұзды. Машинист шұғыл тежеуді қолданды, бірақ апаттың алдын алу мүмкін болмады, - деп жазылған хабарламада.

Оқиға салдарынан трактор жүргізушісі көз жұмды.

ҚТЖ автокөлік жүргізушілерін теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтауға, өткелдегі дабыл сигналдарына назар аударуға және ережені елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін есте сақтауға шақырды.

Фото: © Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу