Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп 4 наурызда маңызды мәлімдеме жасайтынын айтты

Әлем
Трамп 4 наурызда маңызды мәлімдеме жасайтынын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп "ертеңгі кеш керемет болады" деп мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желідегі жазбасында Трамп өзін "Украинаның бірде-бір жерін Путиннің Ресейіне бермеген жалғыз президент" деп атады.

Әлсіз әрі жұмысы тиімсіз демократтар сын айтқанда, ал жалған жаңалықтар олардың айтқанын қуана жариялап жатқанда, мұны ұмытпаңыздар! Ертеңгі кеш керемет болады, мен бәрін ашық айтам, – деп мәлімдеді Трамп.

Еске салсақ, 28 ақпанда Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі бүкіл әлемнің назарына ілінді. Себебі кездесудің соңы дау-дамайға ұласып, екі тарап сөзге келіп қалды.

Фото: Yuri Gripas/Pool via CNP/AdMedia/picture alliance

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу