Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп адамның ақыл-есін тексеретін тестен өтті

Әлем
Трамп адамның ақыл-есін тексеретін тестен өтті

АҚШ президенті Дональд Трамп өткен медициналық тексеруден кейін денсаулығы жақсы екенін хабарлады.

«Жалпы, өзімді өте жақсы формада сезіндім. Жүрегім мықты. Жаным да жайдары. Өте жақсы жанмын», – деді ол Ақ үй журналисіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Трамп:

«Мен Байденнен сәл өзгеше болғым келді. Сол себепті когнитивтік тест тапсырдым. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердім деп айта аламын», – деп қосты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Трамптың медициналық тексеруі Уолтер Рид атындағы мемлекеттік госпитальда шамамен төрт сағат бойы жүргізілген. Ақ үй президенттің денсаулығына қатысты дәрігерлердің қорытындысын жариялаймыз деп уәде етті.

Когнитивтік тест дегеніміз – адамның когнитивтік қабілеттерін өлшеуге бағытталған психометриялық құрал.

Ал когнитивтік қабілеттер дегеніміз – бұл адамның ақыл-ой процестері. Олар арқылы адам қабылдау, ойлау, үйрену, мәселе шешу, тілді қолдану және басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады.

Фото: Anna Moneymaker/Getty Images

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу