АҚШ президенті Дональд Трамп Нигерияда «Ислам мемлекеті» (ИГ) террористік ұйымы жетекшілерінің бірі Абу Биляль әл-Майнукидің көзi жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, АҚШ әскері мен Нигерия қарулы күштері бірлесіп арнайы операция жүргізген. Трамп әл-Майнукиді ИГ-тің «жаһандық иерархиясындағы екінші адам» деп атады.
«Әлемдегі ең белсенді террористі жою операциясы мінсіз орындалды. Ол Африкада жасырынып жүрмін деп ойлады, бірақ біз оның әрекеттерін бақылап отырдық», – деп жазды Trump Truth Social желісінде.
Ақ үй басшысы содырдың енді Африка тұрғындарына қауіп төндірмейтінін және америкалықтарға қарсы шабуылдарды жоспарлауға қатыса алмайтынын айтты. Оның сөзінше, бұл операциядан кейін ИГ-тің жаһандық қызметі айтарлықтай әлсіреген.
Трамп операцияға қолдау көрсеткені үшін Нигерия билігіне алғыс білдірді.