freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп: Иранмен бітім бұзылса, жаппай бомбалау басталуы мүмкін

Әлем
Трамп: Иранмен бітім бұзылса, жаппай бомбалау басталуы мүмкін
Фото: instagram.com/whitehouse

АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге берген сұхбатында Иранмен жасалған бітім күшін жоятын болса, «жаппай бомбалаулар» болуы мүмкін екенін айтты. Бұл қашан және қай жерде болатынын саясаткер нақтыламады, деп хабарлайды Malim.kz PBS News-ке сілтеме жасап.

«Егер бітім ертең кешке аяқталса не болады?» — деп сұрады журналист.

«Онда жаппай бомбалау басталады», — деп қысқа жауап берді Дональд Трамп.

АҚШ президенті елдің Исламабад қаласында өтетін келіссөздерге қатысуды жоспарлап отырғанын айтты. Ол жерде Иран өкілдері бола ма, белгісіз. Алайда Трамптың айтуынша, басты мәселе өзгермейді — Иранда ядролық қару болмауы тиіс.

Сонымен қатар, өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде Трамп Иранмен әскери қақтығыс туралы тағы да пікір білдірді.

Оның айтуынша, соғысқа түрткі болған себеп — 2023 жылдың қазан айындағы оқиғалар. Трамп «жалған жаңалықтарға» таңғалып отырғанын айтып, олардың басқа себептерді алға тартатынын сынға алды.

«Израиль мені Иранмен соғысқа ешқашан итермелеген жоқ — бұған 7 қазанның салдары және менің бұрыннан келе жатқан ұстанымым себеп болды: Иран ешқашан ядролық қаруға ие болмауы тиіс», — делінген жазбада.

АҚШ президентінің пікірінше, егер Иран елінде билік ауысқан жағдайда жаңа басшылар «ақылды болса», онда елдің «үлкен әрі гүлденген болашағы» болуы мүмкін.

Бұған дейін Иран Оман шығанағында Ислам Республикасы туы астындағы жүк кемесіне АҚШ жасаған шабуылды бітімді бұзу деп бағалап, Тегеран билігінің мәліметінше, америкалық әскери кемелерге дрондармен соққы жасаған.

Ал бұған дейін Дональд Трамп Truth Social желісінде жексенбі күні АҚШ әскери-теңіз күштері Оман шығанағында Иран туымен жүрген TOUSKA жүк кемесін тоқтатқанын мәлімдеген.

Оның айтуынша, кеме Вашингтон енгізген теңіз блокадасын айналып өтпек болған. Иран экипажы талапқа бағынудан бас тартқан соң, америкалық зымыран эсминці машиналық бөлімге зақым келтіріп, кемені тоқтатқан. Қазір ол АҚШ теңіз жаяу әскерінің бақылауында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу