АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласында қыздар мектебі маңына жасалған соққыға Тегеран жауапты болуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, өзі көрген деректерге сүйенсек, бұл шабуылды Иран жасаған.
Бұл туралы Трамп 8 наурызға қараған түні президенттік ұшақ — Air Force One бортында журналистермен сөйлесу кезінде айтты. Шабуыл салдарынан 170-тен астам адам қаза тапқаны хабарланған.
Ал АҚШ қорғаныс министрі Pete Hegseth бұл мәліметті тікелей растаған жоқ. Оның сөзінше, қазіргі уақытта АҚШ тарапы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Минабтағы қыздар мектебі ауданында болған соққы халықаралық қауымдастықта үлкен алаңдаушылық тудырған еді.