Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп НАТО атынан Данияны Гренландиядан кетуге шақырды

Әлем
Трамп НАТО атынан Данияны Гренландиядан кетуге шақырды
Фото: Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО атынан Данияны Гренландиядан «дереу кетуге» шақырды. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

НАТО: Данияға айтыңдар, олар бұл жерден дереу кетсін! Екі ит жеккен шанамен мәселе шешілмейді! Мұны тек АҚШ қана істей алады!!! – деп жазды Трамп.

Сонымен қатар ол Дания барлау қызметі өткен жылы-ақ Ресей мен Қытайдың Гренландия мен Арктикаға қатысты әскери мүдделері бар екенін ескерткенін атап өтті.

Бұған дейін Дональд Трамп Гренландия АҚШ үшін стратегиялық маңызға ие екенін айтып, аралды америкалық «Алтын күмбез» зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің базасы ретінде қажет деп мәлімдеген.

Ал батыстық БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, АҚШ президентінің айналасындағы кейбір тұлғалар Гренландияны сатып алудың ықтимал құнын шамамен 700 млрд доллар деп бағалап отыр.

Бұған дейін Гренландия басшысы "біз АҚШ-ты емес, Данияны таңдаймыз" деп мәлімдеген еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу