freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп он жылдан кейін алғаш рет Қытайға ресми сапармен барды

Саясат
Трамп он жылдан кейін алғаш рет Қытайға ресми сапармен барды
REUTERS / Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп үш күндік сапармен Бейжің қаласына барды. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

АҚШ президентінің ұшағы сәрсенбі күні кешке Бейжің уақытымен Шоуду халықаралық әуежайына қонған. Трамп 13-15 мамыр аралығында Қытайда болады. Ресми мәлімет бойынша, сапар барысында ол тек Бейжіңде болып, басқа қалаларға бармайды.

Ақ үй жариялаған кестеге сәйкес, сәрсенбі күні Трамптың қатысуымен ешқандай ресми іс-шара жоспарланбаған. Бейсенбі күні Си Цзиньпин Трампты Халық жиналысы үйінде қабылдайды. Екі ел басшысы екіжақты кездесу өткізіп, кейін ресми банкетке қатысады.

Жұма күні мемлекет басшылары бірлескен фотосессияға түсіп, шай ішу рәсіміне және ресми түскі асқа қатысады. Одан кейін Трамп Вашингтонға оралады.

АҚШ делегациясының құрамына Дженсен Хуанг, Илон Маск, Тим Кук, Келли Ортберг және Ларри Финк енген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу