АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды түпкілікті жеңгеннен кейін Ормуз бұғазын «АҚШ аумағы» деп жариялау жоспары бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Трамптың айтуынша, қазір бұғазды америкалық әскери күштер бақылауда ұстап, Иран порттарының жұмысына тосқауыл қойып отыр. Мұндай шешім өңірде америкалық әскердің ұзақ мерзімге орналасуын талап етуі мүмкін.
Иран тарапы АҚШ-тың бұғазға бақылау орнатқанын жоққа шығарып, Вашингтонның талаптарына көнбейтінін мәлімдеді.