Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп пен Путин Украинадағы соғыс туралы сөйлесті

Әлем
Трамп пен Путин Украинадағы соғыс туралы сөйлесті

АҚШ президенті Дональд Трамп New York Post таблоидына Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы Украинадағы соғыс туралы сөйлескенін айтты. Бұл туралы BBC жазды.  


Бұл қашан болғаны белгісіз. Оның үстіне, екі президент қанша рет телефонмен сөйлесті деген сұраққа Трамп: «Мұны айтпағаным жөн» деп жауап берді.

Трамптың айтуынша, Владимир Путин «адамдардың (соғыс даласында) өлуін тоқтатқанын» қалайды. Сондай-ақ АҚШ президенті соғысты қалай аяқтау туралы нақты жоспары бар екенін жеткізді.

АҚШ вице-президенті Дж.Д.Вэнс келесі аптада Мюнхенде өтетін қауіпсіздік конференциясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі. 

Сондай-ақ АҚШ президенті Зеленскиймен қауіпсіздік кепілдігінің орнына сирек металдар мен украин газына қол жеткізу үшін 500 миллион долларлық келісім жасағысы келетінін айтты.

Коллаж: Аргументы и факты   

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу