Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп: Украинадағы соғысты тоқтатуға жақсы мүмкіндік бар

Әлем
Трамп: Украинадағы соғысты тоқтатуға жақсы мүмкіндік бар

Трамп Путинмен келіссөздерден кейін Украинадағы соғысты аяқтауға “жақсы мүмкіндік” бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл қорқынышты, қанды соғыс ақыры аяқталуы мүмкін. Оған өте жақсы мүмкіндіктер бар”, – деп жазды АҚШ президенті Truth Social платформасында.

Ол бұл тақырып бойынша Ресей президенті Владимир Путинмен “өнімді” талқылаулар болғанын айтты.

Алайда бұл хабарламадан Трамп пен Путиннің тікелей сөйлескені ме, әлде Ресей президентінің арнайы өкіл Стивен Уиткоффпен кездесуі меңзеліп отыр ма – белгісіз.

Трамп сондай-ақ қазіргі уақытта “мыңдаған” украин әскери қызметшісі Ресей күштерімен толық қоршауға алынып, “өте қиын әрі осал жағдайда” тұрғанын атап өтті.

АҚШ президенті Путиннен Украина Қарулы Күштері сарбаздарының өмірін “аяуды” сұрағанын айтты.

Фото: Leah Millis/REUTERS

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу