Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп Зеленскийдің Қырым туралы мәлімдемесіне наразы

Әлем
Трамп Зеленскийдің Қырым туралы мәлімдемесіне наразы

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийдің «Украина Қырымның заңсыз басып алынуын мойындамайды» деген сөзіне реніш білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бұл мәлімдеме Ресеймен бейбіт келіссөздерге аса зиянды, өйткені Қырым осыдан көп жыл бұрын, Барак Обама президент болып тұрған кезде жоғалтылған, және ол қазір тіпті талқылауға жататын мәселе емес», – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Ақ үй басшысы Зеленскийден Қырымды Ресей жері ретінде мойындау талап етілмейтінін атап өтті.

«Бірақ егер ол Қырымды қайтарғысы келсе, неге олар оны 11 жыл бұрын, бір оқ атылмай-ақ Ресейге берілген кезде қорғап қалуға тырыспады?» – деп сұрады ол.

Трамптың айтуынша, Зеленскийдің «арандатушы мәлімдемелері» Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерді өте қиындатып отыр.

«Ол не бейбітшілікті таңдайды, не соғысты тағы үш жылға созып, ақырында бүкіл елінен айырылып қалуы мүмкін», – деп қосты АҚШ президенті.

«Біз келісімге өте жақынбыз», – деді Трамп және Зеленскийді «бұл істі ақырына дейін жеткізуге» шақырды.

Фото: Shannon Stapleton/REUTERS

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу