freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына кірді

Әлем
Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына кірді
Фото: Financial Times

АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлдары Эрик Трамп пен Дональд Трамп-младший Қазақстандағы вольфрам өндіру жобасының тең иелері атанды, деп хабарлайды Malim.kz Financial Times-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, олар Cove Capital инвестициялық тобы және Skyline Builders құрылыс компаниясымен байланысты мәмілелер тізбегі арқылы компаниядағы үлеске ие болған. Активтерді қайта құрылымдау нәтижесінде Kaz Resources атты жаңа компания құрылып, ол Nasdaq биржасына шығуды жоспарлап отыр.

Жоба Қазақстан аумағындағы вольфрам кен орындарын игерумен байланысты және америкалық даму институттарының қолдауына ие болған. Атап айтқанда, Export-Import Bank of the United States және Development Finance Corporation тарапынан 1,6 млрд долларға дейін қаржыландыру қарастырылған.

Айта кетейік, жобалардағы бақылаушы пакет Cove Kaz Capital құрылымына тиесілі.

Дональд Трамп-младший өкілінің айтуынша, ол бұл жобада тек пассивті инвестор ретінде қатысады және компанияларды басқаруға немесе мемлекеттік органдармен өзара әрекетке араласпайды.

Бұған дейін «С5+1» саммиті аясында Қазақстан мен АҚШ 17 млрд доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу