Белгілі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы дүние салды

Ғалым 77 жасында көз жұмды

Мәди Саматұлы

  • 27.07.2024

Филология ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы 77 жасында дүние салды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаржаубай Сартқожаұлы 1947 жылы 21 наурызда Моңғолияның Баянөлгей өлкесінде дүниеге келген.

1973 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін бітірген. 1985-1988 жылдары Ленинградтағы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыған. 1973-1975 жж. Баянөлгей аймағында №10 мектепте ұстаз, 1975-1989 жж. Моңғолия ҒА Тарих институтының аға ғылыми қызметкері, 1989-1995 жж. Түркі-Қазақ ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, директоры, 1995-1998 жж. Баянөлгей аймақтық мәслихат төрағасы, 1995-1998 жж. Моңғолия ҒА Түркі-Қазақ ғылыми орталығының директоры, 2001 жылдан Еуразия Ұлттық университетінің Эпиграфика және этнография лабораториясының меңгерушісі.

Тарих ғылымының кандидаты, профессор. «Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың, 100-ге жуық ғылыми мақала авторы. «Бір автобустағылар» (1986) атты кітабы моңғол тілінде жарық көрген. «Этнокультурный связь древнотюркского-уйгурского каганата» (Алматы, 1988), «Объединенный каганат тюрков», (Астана, 2001) ғылыми кітаптары шықты. 80-ге жуық ғылыми мақалалары Мәскеу, Ұлан-Батыр, Бейжің, Стамбұл, Лондон, Париж, Алматы, Астана қалаларында ғылыми басылымдарда жарияланды. 

Премьер-министр орынбасарының Құрмет грамотасымен (2001), Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.

Фото: әлеуметтік желіден

Байланысты жаналықтар

Солақайлар бай болуға бейім келеді - ғалымдар

04.05.2025

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

03.05.2025

Әдебиеттанушы, ғалым Сейіт Қасқабасов өмірден өтті

28.04.2025

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

16.04.2025

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

12.04.2025

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

10.04.2025
MalimBlocks
Солақайлар бай болуға бейім келеді - ғалымдар

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

Әдебиеттанушы, ғалым Сейіт Қасқабасов өмірден өтті

Сейіт Асқарұлы Қасқабасов 1940 жылы 24 маусым күні Семей қаласында дүниеге келген

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

Президенттің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды