Елін сүйген қайраткер Нұртас Оңдасынов

Ол 1938 жылдан 1963 жылға дейін (25 жыл) – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ал 1940 жылдан 1958 жылға дейін (18 жыл) КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 26 жыл (1938-1964) Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің және 14 жыл (1938-1951, 1954-1955) оның бюро мүшесі, Кеңес Одағы Компартиясының XVIII, XXII, XXIII съездері мен оның XVIII конференциясының делегаты, 13 жыл (1939-1952) СОКП Орталық Тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды.

Malim Админ

  • 27.10.2024

Елін сүйген қайраткер Нұртас Оңдасынов

Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов (1904-1989 жж.) – мемлекет және қоғам қайраткері, тілші-ғалым, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы (1954 жыл наурыз – 1955 жыл наурыз).

Нұртас Оңдасынов шалғай аудандарда мұғалімдер даярлайтын курстар, училище, облыс орталықтарында мұғалімдер институтын ашып, Орталық Комитеттің саясатының жүзеге асуына күш салады. Қазақстан Орталық Комитетінің бюро мүшесі ретінде ол мәдениет мәселелеріне жауапты болды. Н.Оңдасынов соғыс жылдарының ауыртпалығына қарамай Абайдың 95 және 100 жылдық мерейтойын аса биік дәрежеде атап өту жөнінде Үкімет қаулысын шығарып, комиссияның төрағасы өзі болып өткізген. Қыздар педагогикалық институты, Ұлттық консерватория, Дене шынықтыру институты, Политехникалық, технологиялық институттар ашу және медицина, шет тілдер институттарына көптеген жаңа факультеттер қосу сол кісінің тұсында істелінген істер. 

Опера және балет театры құрылысының жедел аяқталуын тікелей бақылап, облыстарда театрлардың ашылып, филармония, ән-би ансамбльдерінің ұйымдасуына да ұйытқы болған. КСРО Ғылым академиясының дербес құрылуына бірден-бір атсалысқан адам. Соғыстың жүріп жатқанына қарамай жаңа ғимараттың салынуына қаражат қарастырып, оның іргесі қаланғанда ырымдап: «Қазақ ғылымы күмістей таза болсын» деп, күміс ақша шашқаны мәлім. Осы Ғылым академиясының басына Қаныш Сәтбаевтың келуіне де себепші осы кісі. 

 1942 жылдың басында Кенді Алтай, Лениногорға іссапарға келген Оңдасынов білімді, байсалды Дінмұхамед Қонаевты кездестіреді. Кейіннен Алматыға келіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Скворцовпен ақылдасып, өзіне орынбасарлыққа шақырттырады. Қонаев он жыл бойы Оңдасыновтың орынбасары болады. Нұртас Дәндібайүлы 1954-1955 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының төрағасы, сосын Гурьев (Атырау) облыстық атқару комитетінің төрағасы және осы облыстың партия ұйымын басқарды.

«Ол жауапты қызметте жүрсе де, шығармашылықтан қол үзбеген. Зейнеткерлікке шыққан соң шындап кірісті. 1962 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін шығармашылықпен айналысқан. 1969 жылы «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі», 1974 жылы «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігі» жарық көріп, қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленді» — дейді Д.А.Қонаев өзінің «Өтті дәурен осылай» кітабында. Алматыдағы Абай ескерткішінің авторы Хакімжан Наурызбаевты да Қостанайға барған іссапарында байқап, Алматыға алып келіп, оқытып, ат бағушыдан қазақтың тұңғыш мүсіншісін жасаған осы кісі.

Екі рет Еңбек Қызыл Ту, үш рет Ленин орденімен, көптеген медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ол 1938 жылдан 1963 жылға дейін (25 жыл) – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ал 1940 жылдан 1958 жылға дейін (18 жыл) КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 26 жыл (1938-1964) Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің және 14 жыл (1938-1951, 1954-1955) оның бюро мүшесі, Кеңес Одағы Компартиясының XVIII, XXII, XXIII съездері мен оның XVIII конференциясының делегаты, 13 жыл (1939-1952) СОКП Орталық Тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды.

Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысындағы бірқатар мектептер мен көшелерге, Алматы қаласындағы бір көшеге Оңдасыновтың есімі берілген. Еліміздің көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Нұртас Оңдасынов өзінің өнегелі өмір жолымен Ұлы даланың ұлы тұлғалары тарихында өшпестей із қалдырып отыр.

Байланысты жаналықтар

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

02.04.2025

"Бассыздық". Депутат Шу өзенінің арнасы бұрылып жатқанын мәлімдеді

02.04.2025

Дәулет Мұқаев іш киімдерін қалай жинайтынын көрсетемін деп сынға қалды

01.04.2025

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

28.03.2025

"Азамат төлемесе, шығарылады. Министрлік төлемесе, ештеңе болмайды". Аймағамбетов МӘМС-ті сынап тастады

27.03.2025

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

26.03.2025
MalimBlocks
АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

"Бассыздық". Депутат Шу өзенінің арнасы бұрылып жатқанын мәлімдеді

Дәулет Мұқаев іш киімдерін қалай жинайтынын көрсетемін деп сынға қалды

Ол заттардың жинақы тұрғанын құп көреді екен.

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

Үкімет басшысы мәжілісмен Магеррам Магеррамовтың депутаттық сауалына жауап берді

"Азамат төлемесе, шығарылады. Министрлік төлемесе, ештеңе болмайды". Аймағамбетов МӘМС-ті сынап тастады

Депутат Асхат Аймағамбетов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азамат пен мемлекет жарнасына қатысты шағым айтты

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

Оның пікірінше, бұл қаржы институты цифрлық активтердің айналымын заңдастыруға және реттеуге ықпал етеді