Бүгін елордамызда бірінші рет электр қуатымен ұшатын әуе таксиі сынақтан өткізілді, деп хабарлайды Malim.kz "Қазақстан" ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Әуе көлігі толық электр қуатымен жұмыс істейді. Атмосфераға зиянды қалдық шығармайды. Сондай-ақ шу деңгейі төмен және қысқа қашықтыққа қатынауға тиімді.
Аппарат ұшқыштан бөлек, 5 жолаушыны тасымалдай алады. Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен ұша алады және бір рет қуатталғанда 200 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсереді.