Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тұмауға байланысты кей мектептер онлайн форматқа ауысты

Денсаулық
Тұмауға байланысты кей мектептер онлайн форматқа ауысты
Фото: istockphoto.com

Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг берген Бас мемлекеттік санитар дәрігер Сархат Бейсенова тұмауға байланысты кейбір мектеп қашықтан оқу форматына ауысатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, Бас мемлекеттік санитар дәрігер биыл 28 тамызда балалар қандай жағдайда қашықтан оқу форматына ауысатыны жазылған. Яғни, бір сыныпта тұмау жұқтырған балалардың саны жалпы сыныптағы оқушының 20 пайызынан асып кетсе, бір кабинетте отырып білім алу жүйесі тоқтайды. Екіншіден, тұмауға байланысты сыныптағы балалардың 30 пайызы ауырып жатса, онда оқу онлайн форматқа ауысады.

Сархат Бейсенованың сөзіне сенсек, бүгін таңертеңгі жағдайға сай, еліміздің жеті өңіріндегі мектептер онлайн форматқа көшкен. Дәлірек айтқанда, республика бойынша жалпы 132 мектептегі 1 469 сынып қашықтан оқыту форматына ауысқан.  

Атап айтқанда, Астанадағы 24 мектепте 182 сынып онлайн оқуға көшті, Шығыс Қазақстан облысында – 57 мектептегі 204 сынып, Абай облысында – 21 мектептегі 276 сынып, Жамбыл облысында – 14 мектептегі 598 сынып, Қостанай облысында – 12 мектептегі 168 сынып, Ақмола облысында – 3 мектептегі 21 сынып және Қарағанды облысында бір мектептегі 20 сынып қашықтан оқуға ауысты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу