freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысында қылмыстық топтың 20 күдіктісі қамалды

Қоғам
Түркістан облысында қылмыстық топтың 20 күдіктісі қамалды
Фото: ҰҚК архиві

Түркістан облысында интернет-алаяқтық дерегі бойынша 20 күдікті қамауға алынды, тағы екі адам халықаралық іздеуге жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz өңірлік прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында 2024-2025 жылдар аралығында Қазақстан аумағында жүрген шетел азаматы ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық еткені анықталған.

Топ мүшелері интернет және телефон арқылы алаяқтық жасап, 21 жәбірленушіге жалпы сомасы 125 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

Күдіктілер өздерін пошта ұйымдары мен байланыс операторларының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың атына алдап несие рәсімдеген және алынған қаражатты иемденген.

Жәбірленушілерге 20 миллион теңге қайтарылды. Күдіктілерге тиесілі үш автокөлікке тыйым салынды. Қалған залал сомасы сот процесі барысында мәжбүрлі тәртіппен өндіріледі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы (алаяқтық) және 262-бабының 1, 2-бөліктері (ұйымдасқан топ құру және оған қатысу) бойынша қозғалған қылмыстық іс аясындағы сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Айта кетейік, Ұлытау облысында азаматтарды «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналастырамын деп алдаған тұлғаларға қатысты 9 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу