Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы Үшкіртау тауында көмекке мұқтаж болған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол тауға көтерілгеннен кейін өздігінен төмен түсе алмай қалған. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жіберіліп, іздестіру-құтқару жұмыстары түнгі уақытта жүргізілді.
Ер адамның нақты орналасқан жері геолокация арқылы анықталды. Құтқарушылар оған жетіп, қажетті көмек көрсеткеннен кейін қауіпсіз түрде таудан түсірді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.