Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркия Ұлыбританиядан 20 Typhoon жойғыш ұшағын сатып алады

Әлем
Түркия Ұлыбританиядан 20 Typhoon жойғыш ұшағын сатып алады

Түркия Ұлыбританиямен жалпы құны 8 миллиард фунт стерлинг болатын келісімшартқа қол қойды. Келісім аясында Анкара 20 Typhoon жойғыш ұшағын сатып алады. Бұл туралы Ұлыбритания үкіметінің баспасөз хабарламасында айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Премьер-министр Кир Стармердің Анкараға жасаған алғашқы ресми сапары барысында Ұлыбритания мен Түркия 2017 жылдан бергі алғашқы Typhoon жойғыш ұшақтарын сатып алу жөнінде 8 миллиард фунт стерлинг көлеміндегі келісімге қол қойды», – делінген құжатта.

Өз кезегінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұл келісім «Ұлыбританиямен қорғаныс саласындағы әрі қарайғы ынтымақтастықтың бастауы болады» деп мәлімдеді.

Фото: aa.com.tr

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу