Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түрмеден шыққан экс-банкир Ертаев бақылауда болады

Құқық
Түрмеден шыққан экс-банкир Ертаев бақылауда болады

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов экс-банкир Жомарт Ертаевтың рақымшылыққа ілігуіне қатысты пікір білдірді.


Ертаевқа қатысты айтар болсам, бұл – сот шешімі. Ол да рақымшылыққа құқығы бар азамат. Сот шешім шығарғанымен шектеу, яғни пробациялық бақылау болады. Ол мемлекетке қарыз. Сот шешіміне пікір білдіре алмаймын. Сауалдарыңызды құзіретті органдарға қойыңыздар, - деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

Айта кетейік, 2020 жылы RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін сотталған белгілі банкир Жомарт Ертаев жалпы режимдегі колониядан босатылды.

Жомарт Ертаев 2018 жылғы мамырда Мәскеуде Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ұсталған. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған. 2019 жылғы наурызда ол Ресей Федерациясынан Қазақстанға экстрадицияланды. 

Тергеу дерегінше, Ертаев 2011-2017 жылдары қызметтік өкілетін пайдаланып, алдын ала сөз байласқан тұлғалармен бірге «Bank RBK» АҚ-нан 144 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Бұл іске барлығы 54 адам тартылып, олардың қатарында 41 топ-менеджер мен банк қызметкерлері болған.

Фото: Kazinform

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу