freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ҰБТ-2026: Қай мамандықтарға грантқа түсу мүмкіндігі жоғары?

Білім-ғылым
ҰБТ-2026: Қай мамандықтарға грантқа түсу мүмкіндігі жоғары?
aikyn.kz

ҰБТ тапсырғаннан кейін талапкерлер үшін ең маңызды кезеңдердің бірі – мамандық пен жоғары оқу орнын таңдау. Осы тұста мемлекеттік білім беру грантын алу мүмкіндігі жоғары бағыттар ерекше қызығушылық тудырады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2025–2026 оқу жылында Қазақстанда 73,5 мың студент мемлекеттік грант негізінде жоғары оқу орындарына қабылданған. Бұл жалпы студенттердің шамамен 35,2%-ын құрайды. Соңғы жылдары грант иегерлерінің саны едәуір артқанымен, олардың жалпы үлесі айтарлықтай өзгермеген.

Салалар бойынша ең жоғары грант көрсеткіші «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына тиесілі — 73,9%. Сонымен қатар «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» (64,4%) мен «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» (61,2%) салаларында да мемлекеттік грантпен білім алатындар саны жоғары.

Ал талапкерлер ең көп таңдайтын «Бизнес, басқару және құқық» бағыты бойынша грант үлесі небәрі 7%-ды құрайды. Бұл аталған салада бәсекенің өте жоғары екенін көрсетеді.

Жекелеген мамандықтарға тоқталсақ, «Физика және химия ғылымдары» бағыты бойынша грантпен оқу көрсеткіші 91%-ға жеткен. Сондай-ақ «Жануар шаруашылығы» (90,5%) мен «Балық шаруашылығы» (89,3%) мамандықтарында да грантқа түсу мүмкіндігі жоғары.

IT саласына қатысты бағыттар да сұранысқа ие болып отыр. Атап айтқанда, «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығында грант үлесі 84%-ды, ал «Телекоммуникациялар» саласында 69,9%-ды құрайды.

Инженерлік бағыттар бойынша да мемлекеттік қолдау жоғары деңгейде сақталған. Құрылыс, өндіріс және инженерия салаларында грантпен оқитын студенттердің үлесі 50–65% аралығында.

Ал грант алу ең қиын бағыттардың қатарында құқықтану (2,5%), шет тілдері (9%), бизнес және басқару (10,4%), сондай-ақ логистика (11,3%) мамандықтары бар.

Бұдан бөлек, 26,2 мың студент әлеуметтік және квоталық санаттар арқылы грант иегері атанған. Олардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасыдан шыққан жастар, ауыл түлектері, жетім балалар, мүгедектігі бар азаматтар мен ішкі көшіп-қонушылар бар.

Мамандардың пікірінше, талапкерлер мамандық таңдағанда тек жеке қызығушылықты ғана емес, еңбек нарығындағы сұраныс пен грант бойынша бәсекені де ескергені жөн.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу