Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

UFC: Шавкат Рахмоновқа қарсылас табылды

Спорт
UFC: Шавкат Рахмоновқа қарсылас табылды

UFC-дегі жартылай орта салмақ өкілі қазақстандық Шавкат Рахмоновқа (18-0) қарсылас табылды. Бұл туралы аралас жекпе-жек шеберінің командасы Dar Pro Team растады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұйымның мәліметінше, кездесу желтоқсанда өтеді.

Шавкат Рахмонов vs Иэн Гарри. UFC 310 кештің басты оқиғасы – жартылай орта салмақтағы уақытша UFC белбеуі үшін, - делінген мәліметте.

Айқас 8 желтоқсан күні «Номад» жеңілмеген ирландиялық Иэн Гэрримен (15-0) UFC-дегі уақытша белбеуді сарапқа салады. Кездесу Лас-Вегастағы UFC 310 турнирі аясында өтеді.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бастапқыда қазіргі чемпион американдық Белал Мухаммадпен төбелесуі керек еді, алайда Белал аяғына операция жасатып, кездесуден бас тартты.

Фото: instagram.com/darteam.kazakhstan

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу