freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина дрондары алғаш рет Екатеринбург пен Челябинск қалаларына шабуыл жасады

Әлем
Украина дрондары алғаш рет Екатеринбург пен Челябинск қалаларына шабуыл жасады
Фото: Militarnyi

Соғыс басталғалы бері алғаш рет украиналық дрондар Ресейдің Свердлов және Челябинск облыстарына шабуыл жасады. Осылайша ұшу аппараттары 1700 шақырымнан астам қашықтықты еңсерген, деп хабарлайды Malim.kz.

Shot Telegram-арнасының мәліметінше, шабуыл Мәскеу уақытымен шамамен таңғы 05:30-да (Астана уақытымен 07:30) басталған. Екатеринбург тұрғындары әуеде гуіл естіп, артынша қатты жарылысты байқаған.

«Дрон Екатеринбургтің орталығындағы көпқабатты тұрғын үйге соғылды. Шабуылға “Тринити” тұрғын үй кешені ұшырады. Жоғарғы қабаттардағы терезелер сынған, түтін байқалған. Көпқабатты үйден 50-ден астам адам эвакуацияланды. Кемінде төрт пәтер зақымданған», – деп хабарлады Telegram-арна.

Алдын ала мәлімет бойынша, қалаға “Лютый” типіндегі украиналық ұшқышсыз аппараттармен шабуыл жасалған. Ғимараттың қасбетінің бөліктері мен дрон сынықтары 200 метрге дейін шашылған. Қазір аумақ қоршауға алынған.

Шабуыл салдарынан алты адам зардап шекті. Біреуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, тағы бесеуі түтінге уланып, ауруханаға жатудан бас тартқан.

Сондай-ақ Челябинск қаласының маңында бірнеше жарылыс болған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, инфрақұрылым нысандарының бірінде дрон шабуылының жолы кесілген. Қаза тапқандар мен қираулар жоқ.

Mash Telegram-арнасының мәліметінше, Курган облысында алғаш рет «Ковёр» жоспары мен ұшқышсыз қауіп режимі енгізілді. Жергілікті әуежай уақытша рейстерді қабылдамай, жөнелтпей отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу