freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина дрондарының шабуылынан кейін ресейлік Туапседе төтенше жағдай жарияланды

Әлем
Украина дрондарының шабуылынан кейін ресейлік Туапседе төтенше жағдай жарияланды
Фото: видеодан кадр

Ресейдің Туапсе ауданында мұнай өңдеу зауытындағы өртке байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жанып жатқан мұнай өнімдерінің бір бөлігі жолға төгілген, қалада су беруде іркілістер бар. Роспотребнадзор тұрғындарға аса қажет болмаса, сыртқа шықпауға кеңес берді.

Өртті сөндіруге билік басқа өңірлерден – Адыгея, Ростов облысы және Ставрополь өлкесінен өрт сөндірушілерді тартты.

Краснодар өлкесінің жедел штабының мәліметінше, тілсіз жаумен күреске 250-ден астам адам қатысып жатыр.

Туапседегі мұнай өңдеу зауытындағы өрт 16 сәуірден бері, украиналық дрондардың шабуылынан кейін, үзіліспен жалғасып келеді. Кейін украиналық ұшқышсыз аппараттар зауытқа тағы екі рет шабуыл жасаған, соңғысы 28 сәуірде болған.

Қазіргі таңда өрт ең ірі төрт мұнай сақтау қоймасын шарпығаны хабарланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу