freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина күштері Қырымдағы мұнай базаларына соққы жасады

Әлем
Украина күштері Қырымдағы мұнай базаларына соққы жасады
Фото: Sergei Malgavko/TASS/dpa/picture alliance

7 маусымға қараған түні Украина Қарулы күштері аннексияланған Қырым аумағындағы бірнеше нысанға соққы жасаған, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, соққылардың бірі Қырымның шығысындағы Ленин кентінде орналасқан Семиколодезян мұнай базасына тиген. Оқиғадан кейін нысанда өрт шыққаны хабарланды.

Telegram-дағы «Крымский ветер» мониторингтік тобы NASA Firms спутниктік бақылау деректеріне сүйене отырып, өрттің таңертең күшейгенін мәлімдеді.

Сондай-ақ украиналық Exilenova+ арнасы да спутниктік суреттерге сілтеме жасап, аталған мұнай базасына шабуыл жасалғанын хабарлады.

Бұдан бөлек, расталмаған ақпарат бойынша, Қырымдағы ең ірі мұнай базаларының бірі саналатын Феодосиядағы нысан мен Советский кентіндегі әскери бөлім де шабуылға ұшыраған болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта бұл мәліметтер бойынша ресми растау жарияланған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу