freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина Мәскеуді дрондармен атқылады

Әлем
Украина Мәскеуді дрондармен атқылады
Фото: УНИАН

17 мамырға қараған түні Мәскеу мен Мәскеу облысына жаппай дрон шабуылы жасалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресей билігінің мәліметінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері астанаға бағытталған кемінде 85 ұшқышсыз аппаратты жойған.

Шабуыл салдарынан Шереметьево халықаралық әуежайы аумағында дрон қалдықтары табылған. Әуежайдың баспасөз қызметі қалдықтардың жолаушылар мен әуе кемелеріне қызмет көрсету аймақтарынан қауіпсіз қашықтықта жатқанын хабарлады. Қазір оқиға орнында жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин шабуыл кезінде Капотня ауданындағы мұнай өңдеу зауытына да зақым келгенін мәлімдеді. Алдын ала ақпарат бойынша, 12 адам зардап шеккен. Алайда кәсіпорын жұмысы тоқтатылмаған.

Сонымен қатар Мәскеу облысындағы Дурыкино ауылы маңындағы жанармай құю станциясында өрт шыққаны хабарланды.

Дрон шабуылы нәтижесінде бірнеше тұрғын үйге де зақым келген. Ресми дерек бойынша, үш көпқабатты тұрғын үй бүлінген. Әлеуметтік желілерде Михайлов көшесіндегі тұрғын үйге дрон соғылған сәттің видеолары тарады.

Сондай-ақ Зеленоградтағы көппәтерлі үй мен «Элма» технопаркі аумағында өрт болғаны айтылып жатыр.

Осыған жауап ретінде 17 мамырға қараған түні Ресей әскері де Украина өңірлеріне соққы жасаған. Шабуылдар туралы Харьков, Запорожье, Днепропетровск және Одесса облыстарының билігі хабарлады.

Бұдан бөлек, дрондар Полтава және Сумы облыстарының үстінен байқалған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер бар, бірақ қаза тапқандар тіркелмеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу