Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина мен Ресей бір-бірін дрондармен атқылады

Әлем
Украина мен Ресей бір-бірін дрондармен атқылады

Украинаның дрондары Ресейдің 5 аймағына шабуыл жасады, ал Ресей Украинаға 81 ұшқышсыз аппарат жіберді. Euronews жазуынша, Ресейдің Қорғаныс министрлігі 16 дрон жойғанын мәлімдеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазір Санкт-Петербург әуежайында әуе сапарларына шектеу енгізілген.

Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко Лужская шығанағында дронның атып түсірілгенін айтты. Дрон Усть-Луга теңіз портын атқылауға тырысқан. Кейінірек, Дрозденко тағы екі дронның Лужская шығанағы ауданында атып түсірілгенін хабарлады.

Петербургтегі Пулково әуежайында 4 қаңтар түнде және таңертең екі рет ұшуларға шектеу енгізілді.

Белгород облысында дрон шабуылынан Прелестное ауылының тұрғыны аяқтан жарақат алды, деп хабарлады облыс губернаторы Вячеслав Гладков.

Смоленск облысы Сафоново қаласының тұрғындары түнде жарылыстар туралы хабарлаған.

Фото: armystandard.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу